Карантин: Алматыда заңсыз жұмыс істеп келген ойынхана анықталды

almaty.tv
almaty.tv
Клуб ішінде болғандардың барлығы Алмалы аудандық полиция бөліміне жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда күшейтілген карантин уақытында жұмыс істеп жатқан тағы бір ойынхана анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл жолы Алмалы әкімдігі және аудандық тауарлармен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, жергілікті полиция қызметімен бірлесіп астыртын компьютер клубын тапты. Сыртында ешқандай жазуы жоқ мына ғимаратты алғашында ешкім ашпады. Арнайы мамандардың көмегімен нысанның есігі ашылып, ішінде 13 адамның ойынап отырғаны белгілі болды.

Карантин кезінде құқық бұзғандардың барлығы, яғни бетпердесіз қоғамдық орында ойнағандар да, жұмысын алаңсыз жасап тұрған ойынхана әкімшілігі де заң алдында жауап береді. Клуб ішінде болғандардың барлығы Алмалы аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, әкімшілік хаттама толтырылды.

«Алматы қалалық бас санитар дәрігердің 2020 жылы 3 шілдеде шығарылған қаулысына сәйкес осы сынды компьютерлік клубтардың жұмысы уақытша тоқтатылуы тиіс болған. Оған қарамастан жұмыс істеп тұрған мына ойынхана иелеріне Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 425-бабының 1-тармағына сәйкес 230 айлық есептік көрсеткіш көлемін айыппұл  салынады», – деді Алмалы ауданы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Меруерт Қасымова.

Новости партнеров