Алматыда жүк көлігі қаққан қыздың жарақаты ауыр

01.06.2022 00:56

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың қабырғасы сынып, кеуде қуысынан жарақат алған

Қапыда жүк көлігінің астында қалған алматылық қызға дәрігерлер ота жасап, оң аяғын тобығынан кескен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

19 жастағы азамат қазір ауруханада жатыр, деп. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың қабырғасы сынып, кеуде қуысынан жарақат алған.

«Оның жарақаты ауыр. Бізге жеткізілген кезде өкшесі ажырап кеткен. Жүк көлігі қаққан, сондықтан науқастың көп жеріне зақым келген. Әсіресе, аяқтың өкше тұсына. Қазір барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – деді қалалық №4 клиникалық аурухананың қабылдау бөлімінің жетекшісі Магадин Хайроев.

Полцияның дерегіне сүйенсек, ауруханада жатқан қызды жүк көлігі 23 мамырда қаққан. Бойжеткен жүргіншілер жолағымен жолды өтпек болған. Сол сәтте жоғары жылдамдықпен келе жатқан жүк көлігі оны соққан. Полиция бұл іс бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.