Алматыда іздеуде жүрген күдіктілер жезөкшелер үйінде қолға түсті

Алматыда іздеуде жүрген күдіктілер жезөкшелер үйінде қолға түсті
Қылмыстық жауапкершіліктен қашып жүргендер кеше түнде жеңілжүрісті қыздармен бірге көңіл көтерген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жезөкшеге барамын деп полицияға ұсталды. Алматыда бірнеше жылдан бері іздеуде жүрген 3 азамат рейдтік шара кезінде қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қылмыстық жауапкершіліктен қашып жүргендер кеше түнде жеңілжүрісті қыздармен бірге көңіл көтерген. Олардың мүлік және адам тонау дерегіне қатысы бар болып шықты. Дегенмен, ескертусіз келген полицейлер желік қуғандар мен 30 шақты жезөкшені Түрксіб аудандық басқармасына алып кетті. Тексеру барысында тәртіп сақшылары жасырын түрде тәнін саудалайтын 4 орданы анықтады. Бір қызығы, жынойнақтың бірі қонақ үйде болса, қалған үшеуі кәдімгі пәтерде орналасқан. Тәнін саудалауға орын бергендерге Әкімшілік кодекстің 450-ші бабына сәйкес хаттама толтырылды.  

«Қазіргі таңда осы мекенжайлардың иелеріне қатысты Әкімшілік кодекстің 450-бабына сәйкес айып хаттамасы толтырылды. Іс материалдары міндетті түрде сотқа жіберілетін болады. Кем дегенде, 3 айға жабылуы тиіс. Жалпы, баптың атауы «Жеңгетайлық және жезөкшелердің паналайтын орын, мекен беру деректері». Жеңгетайлық және притондарды жасақтағаны үшін айып тағамыз. Егер де сот шешімін орындамай, өз үйлерін, қонақүйлерді жаппайтын болса, онда 309-бап бойынша қылмыстық іс қозғайтын боламыз. Жаза мөлшері 3 жылға дейін болуы мүмкін», – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.

Ал полицейлер жеңілжүріске салынғандарды 3 сағат ғана қамап, қылмысқа қатыстылығын тексеріп үйлеріне жібереді. Одан бөлек, Әкімшілік кодекстің 449-шы бабы бойынша 13 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.  

Новости партнеров