Мамандар кәсіпкерлерден көбіне қандай қателіктер кететінін айтып берді
Түрксіб ауданында шамамен 200-ден астам тамақтану орындары мен 700-ге жуық азық-түлік дүкені бар. Олардың көпшілігі жұмысын жақында бастаса да, рейдтік тексеріс жұмыстарынан кейін қайтадан жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Себебі карантин талаптарын толық орындамаған. Соның бірі Ақан сері көшесінің бойында орналасқан мына дәмхана. Тұрғындар Open Almaty жобасы арқылы дәмхананың талапқа сай келмейтінін айтып, шағым түсірген. Тексерісті осы жерден бастаған комиссия мүшелері біраз олқылық тапты. Мұнда қызметкерледің 3 сағат сайын ауыстыратын бетперделер мен медициналық қолғаптары жеткіліксіз, асхананы тазалайтын хлор табелeткалары жоқ. Дәмхана иесіне ескерту жасалып хаттама толтырылып, есігі уақытша жабылды. Мамандар кәсіпкерлерден көбіне қандай қателіктер кететінін айтып берді.
«Ең бірінші қателік – вентеляцияларға өңдеу жүргізілмеуі, екіншіден, белизна, хлор секілді тазалық құралдарын пайдалану ережелерін білмейді», – деді Түрксіб ауданы Тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасы бөлімінің басшысы Гүлжан БҰХАРБАЕВА.
Айта кету керек, дәмханалар мен азық-түлік дүкендеріне кешкі сағат 23.00-ден кейін жұмыс істеуге рұқсат жоқ. Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін аудандағы 100-ден астам халық көп жиналатын жерлерге тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде 10-ға жуық шағын кәсіпкерлік суъбектілеріне айыппұл салынған.