Тараздағы жағдай: TikTok, төбелес, түрме

ru.baku.ws
ru.baku.ws
Кездесуде төбеселеске дейін барғандарды ажыратпақ болған үшінші бала пышақталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразда TikTok үшін ерегесіп, соңында пышақ жарақатын салған 15 жасар жігіт түрмеге тоғытылуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Еске салсақ, оқиға облыс орталығындағы саябақтардың бірінде басталған. TikTok-қа видео түсірмек болып барған жастар арасындағы қызға жігіті қоңырау шалған. Кейін сондағылардың бірімен сөйлесіп, аяғы Ақбұлым ауылындағы ерегеске әкеліп соққан. Кездесуде төбеселеске дейін барғандарды ажыратпақ болған үшінші бала пышақталған. Ал, кінәлі оқиға орнынан қашып кеткен. Жарақат алған жігіт қазір облыстық ауруханада ем алып жатыр.

«3-жасөспірім достарын ажыратуға тырысып, салдарынан өзі пышақ жарақатын алды. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Аталмыш факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-тармағы бойынша, яғни бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұқтарқұлова.


Новости партнеров