Әкімшілік-құқық бұзушылықтың 476-бабы бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды
Карантин режимін бұзғандармен күрес Наурызбай ауданында жалғасты. Жергілікті учаскелік полиция әкімдікпен бірлесіп, бірнеше қоғамдық орындарды аралады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Заңды белінен басып пайда табуды көздеген кейбір асханалар жұмысын тоқтатпаған да. Асхананың ішінде отырып ешкім тамақтанбаса да, келе қалған мейманға ас мәзірі дайын.
«Мониторинг жүргізу барысында бір тамақтандыру орны жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Оған әкімшілік-құқық бұзушылықтың 476-бабы бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар, бір құрылыс заттарын сатып тұрған дүкен анықталды. Оған да полиция қызметкерлерінің тарапынан 476-бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – деді Наурызбай ауданы Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы Мұхтархан ҚАЛБЕКОВ.
Аудандағы рейд жұмыстары күн сайын жалғасып тұрады. Учаскелік полициямен бірге әкімдік өкілдері тек қоғамдық тамақтану орындарын ғана емес, адам көп жиналатын сән салоны мен фитнес орталықтарын да араламақ. Карантин кезінде қала билігі халықты көшеге тек қажеттілік туғандаса ғана шығуын сұрайды. Ал қалған уақытта үйде отырып, тазалақ сақтағаны абзал.
Арнат Дүйсен, Нұрбол Әбдікерімов
«Алматы» телеарнасы