Жол апаты: Таразда автобус қағып кеткен жаяу жүргінші көз жұмды

30.01.2024 01:11

Күдікті уақытша қамалды

Almaty TV

Таразда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол жылдамдықты асырып, жолаушыны жаншып өткен. Салдарынан 46 жастағы ер адам оқиға орнында тілге келместен көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өңірлік полиция департаменті қазір жол ережесін бұзған күдіктінің уақытша қамауға алынғанын хабарлады.

– Жамбыл облысының Полиция департаментінің қызметкерлері жолаушылар автобусының жаяу жүргіншіні қағып кету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі таңда автобус жүргізушісіне қатысты бұлтартпау шарасы таңдау мәселесі шешілуде. Сот сараптамалары тағайындалды, – деді Жамбыл облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Оқи отырыңыз: Қоғамдық көлікті мас күйде басқарған 10 жүргізуші анықталды