|
Jol
29.01.2024 | 10:31
481

Қоғамдық көлікті мас күйде басқарған 10 жүргізуші анықталды

Мұны медициналық куәландыру актісі растады

Қоғамдық көлікті мас күйде басқарған 10 жүргізуші анықталды elements.envato.com

Елімізде бес күнде күнде полицейлер жол қозғалысын қадағалау кезінде қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 5470 жол қозғалысы ережесін бұзушылықты анықтады. Оның ішінде алкогольдік масаң күйде көлікті басқарудың 10 фактісі тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ-де «Автобус» республикалық операциясының қорытындысы шығарылды.

Мысалы, Петропавлда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Volkswagen Transporter көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде полицейлер микроавтобус жүргізушісінің мас күйінде екенін анықтады. Мұны медициналық куәландыру актісі растады. Көлік арнайы автотұраққа жіберілді.

Ақмола облысында да осындай жағдай болды. Операция барысында полиция қызметкерлері Жақсы — Есіл — Бузулук автожолдарына Қостанай тұрғынының басқаруымен Toyota Alphard автокөлігін тоқтатты.

Іс жүргізу барысында полицейлер жүргізушінің жолаушыларды жеке тасымалдаумен заңсыз айналысқанын анықтады. Сонымен қатар ер адам марихуана есірткісін қолданып, салонда болған бес жолаушының өміріне қауіп төндірді. Тәртіп бұзушыларға қатысты полиция қызметкерлері тиісті әкімшілік хаттамалар жасады.

Бұдан бөлек, қарсы жолаққа шығудың 7 дерегі, еңбек және демалыс режимін бұзуға қатысты — 29, міндетті сақтандыру туралы заңнаманы бұзудың — 351, рейс алдындағы тексеруден өтпеудің — 123, техникалық байқаудан өтпеудің — 799, жылдамдықты арттырудың — 174, телефонды пайдаланудың — 1357, 1445 — маневр жасау ережелерін бұзу, 174 — ластаушы заттар шығарындыларының нормаларынан асып кету, 498 — жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу, жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 112 фактісі тіркелді, оның ішінде 100-і такси жүргізушілері болған.

Сондай-ақ операция кезінде тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін 23 рұқсат етілмеген автотұрақты жауып, 4 мыңға жуық қоғамдық көлікті тексеріп, 371 заңсыз түрлендірілген автобусты анықтады. Автобус парктерінің 112 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Айта кетейік, «Автобус» профилактикалық іс-шарасын өткізуге 9 мыңнан астам полиция қызметкері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен жұртшылық жұмылдырылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир