|
30.03.2020 | 20:13
2542

Карантин режимін бұзғандарға қандай жаза қолданылады

Әскери полиция төтенше жағдай кезінде қандай қызмет атқарып жатыр?

Карантин режимін бұзғандарға қандай жаза қолданылады baq.kz

Карантин режимін бұзған алматылықтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бүгін себепсіз сыртқа шыққан азаматтарға тек ескерту беріледі. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Карантин режимін бұзғандарға қандай жаза қолданылады? Ал, әскери полиция төтенше жағдай кезінде қандай қызмет атқарып жатыр?

Қала көшелерінде әрлі-берлі жүрген халық аз. Десе де, патрульдік жұмыстарды Ішкі істер министрлігі мен бірге барлық құқық қорғау органдары жүргізіп жатыр. Олардың қатарында әскери полиция жасағы да бар. Күніне олар екі ауысммен қызмет атқарып жатыр. Тіпті, қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қадағалауға шаһардағы әскери институттың курсанттары шақыртылды.

«Тұрғындар бірінші рет осы режимді бұзатын болса, ол кісілермен профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Ал, бірнеше рет бұзатын болса, онда ол кезде әкімшілік жауапкершілікке тартуға мәжбүр боламыз», – деді Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының офицер-анықтаушысы Жасұлан АҒАДІЛОВ.

Патрульдеуден бөлек әскери полицияның жүзден астам жасағы дезинфекция жұмыстары мен бірнеше бекеттерде қызмет атқарып жатыр. Ондағы мақсат бақылауды күшейту.

«Коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл қою мақсатында Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағының жеке құрамы толығымен жұмылдырылған. Олар күнделікті 21 қадағалау бекетінде тәуліктік кезекшілікте және Алматы қаласында орналасқан әскери қалашықтарда ҚР ІІМ бірлескен жоспарына сәкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде», – деді Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағы бастығы, подполковник Нұржан ТЕҢІЗБАЕВ.

Ал, каратин кезінде қалада тек арнайы анықтама жүруге рұқсат етілген. Көшеде кез келген адамға себепсіз жүруге болмайды және 18 жасқа дейін балаларға, сондай-ақ, 65 жастан асқан адамдарға үйде болуға кеңес беріледі. Егер де карантин режимін бұзғандар анықталса, ертеңнен бастап әкімшілік жауапкершілікке тартылады.    

«Тек азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алу кезінде және медициналық мекемеге жедел бару кезінде ғана үйден шығу ұсынылады. Азаматтардың көптеп жиналуына жол берілмейді. Егер бұл талаптар ескерілмесе, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 473 бабына (қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын адамдардың заңды талабына бағынбау) сәйкес және 476 бапқа (Төтенше жағдай режимін бұзу) сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады», – деді қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат ТАЙМЕРДЕНОВ.

Сондай-ақ, қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желіде  тарап жатқан сергек бақылау камералары шаһардағы жеке көліктерге айыппұл салып жатыр деген ақпарат жалған.  

Арнат Дүйсен, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир