Алматы облысында пойыз автобусты соғып өтті
Автобус жүргізушісі дыбыс белгісіне қарамай, теміржолға шығып кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысы, Шамалған селосында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Әлеуметтік желілерде тараған видеодан, жол кептелісінде тұрған авбобусқа қарай жолаушылар пойызының қатты жылдамдықпен жүріп келе жатқанын көруге болады.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, төтенше жағдай «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Автобус жүргізушісі дыбыс белгісіне қарамай, теміржолға шығып кеткен. Салдарынан пойыз автобусты соққан», - деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41