Алматы облысында пойыз автобусты соғып өтті

16.09.2019 01:13

Автобус жүргізушісі дыбыс белгісіне қарамай, теміржолға шығып кеткен

Алматы облысы, Шамалған селосында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тараған видеодан, жол кептелісінде тұрған авбобусқа қарай жолаушылар пойызының қатты жылдамдықпен жүріп келе жатқанын көруге болады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, төтенше жағдай «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Автобус жүргізушісі дыбыс белгісіне қарамай, теміржолға шығып кеткен. Салдарынан пойыз автобусты соққан», - деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов.

Теги: ДТП Поезд