Төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

informburo.kz
informburo.kz
Премьер-министр жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Премьер-министр Асқар Мамин әкімдерге ірі кәсіпорындармен қатар  шағын және орта бизнес өкілдерімен бірлесіп, жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлады Almaty.tv.

Президент жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысында қазіргі таңдағы туындап отырған ең өзекті мәселені көтерді. Премьер-министр облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне өңірлерде әлеуметтік шиеленістерге жол бермеу үшін үйлестірілген шаралар қабылдап, шаруашылық субъектілерімен жұмыс орындарын сақтау бойынша жасалған меморандумдарды өзектілендіруді тапсырды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, адамдардың жұмыстан қысқартылуына жол бермеу және еңбекпен қамтылуына жәрдемдесу шараларын қабылдай отырып, жұмыстан босатылу ықтималдылығына күнделікті мониторинг жүргізуді жүктеді.

Новости партнеров