|
17.03.2020 | 20:24
10413

Cағынтаев: Төтенше жағдай режимі мен карантин жариялаудағы басты мақсаты – қауіпті індеттің таралып кетуін тоқтату

Карантин кезінде енгізілетін шектеулер қала әкімдігінің барлық ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады

Cағынтаев: Төтенше жағдай режимі мен карантин жариялаудағы басты мақсаты – қауіпті індеттің таралып кетуін тоқтату  Almaty.tv

Алматыда 19 наурыздан бастап карантин жарияланды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына жолдаған үндеуінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтенше жағдай режимі мен карантин жариялаудағы басты мақсаты – қауіпті індеттің таралып кетуін тоқтату. Сондай-ақ, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жарияланды. Мегaполис басшысы халықтың амандығы үшін бұл шешімді жылдам қабылдауға мәжбүр болғанын да жеткізді. Карантин кезінде енгізілетін шектеулер қала әкімдігінің барлық ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев коронавирустың әлемдік пандемиясына байланысты елде төтенше жағдай жариялады. Шешім дұрыс. Оқиғаның алдын алу үшін қабылданған. Төтенше жағдай режимі адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін барлық ресурстарды жұмылдыруға мүмкіндік береді. Алматыдағы карантиннің басты мақсаты – инфекцияның таралуын тоқтату. Міндет – қаланың сыртқы периметрін қатаң бақылауға алу және қала ішінде қатаң карантин режимін енгізу арқылы инфекцияның таралу жолын тоқтату», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Ал, қосымша туындаған сұрақтарды Алматыдағы коронавирусқа қарсы штабтан білуге мүмкіндік бар. Енді қалада эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар жүргізіледі. Қала басшысы бұл жағдайға халықты түсіністік танытып, қиын кезеңді бірге еңсеруге шақырды.

«Карантин біздің ортақ қауіпсіздігіміз, қаланың, жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін енгізіледі. Төтенше жағдайда әрбір қала тұрғынының саналы әрекеті мен қоғамдық тәртібі өте маңызды. Біздің ұстамдылығымыз бен ынтымақтастығымыз, сенімді іс-әрекетіміз, өзара жанашырлығымыз бен Төтенше жағдай кезіндегі жауапкершілігіміз қаламызды қорғап қалады. Біз бірге жеңеміз», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир