|
24.06.2021 | 20:54
11038

Алматы облысындағы Байсерке ауылында болған атысқа қатысты жаңа деректер шықты

Күдіктілердің туыстары соңғы сот отырысы әділ өтпеді дейді

Алматы облысының Байсерке ауылында болған атысқа қатысты жаңа деректер шықты. Күдіктілердің туыстары соңғы сот отырысы әділ өтпеді дейді. Бастапқыда жеңіл баппан тергеліп басталған істі сот өткен аптада мүлде қатаңдатқан. Яғни, олардың кінәсі дәлелденсе, өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін екен. Тақырыпты Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын толығырақ айтады.

Бұл – Байсеркедегі атысқа қатысы бар деп қамауға алынған Абзал Каленовтың әйелі Фарида Нұрпазил. Айтуынша, «Поляна-1» демалыс кешенінде бүлік шығарған мүлде басқа азамат. Сол күні оның жолдасын сөйлесу үшін кешеннің иесі шақырады. Ал, Абзал қасына бірнеше жігіт ертіп барған. Кейін екі тарап сөзге келіп қалған болу керек, шақырған жігіттің жақтастары Абзалға оқ жаудырады. Ал, Фариданың айтуынша, күйеуі сол күні ешқандай қару апармаған.    

«Константин Кузнецов олар бостандықта, неге оларды қамамайды. Ол өзі неше рет отырған адам. ОПГ-щик. Ауруханада жатқан. Каблуковада. Психикалық ауытқуы бар адам ол», – деді Абзал Кәленовтің әйелі Фарида Нұрзапил.

Осы оқиғаға қатысты соңғы сот отырысы Іле ауданында 22 маусымда  өткен. Бастапқыда бұл іс қылмыстық кодекстің бұзақылық бабы бойынша тергелген. Кейіннен күдіктілерге қатысты жаза қатаңдатылып, бап өзгертілген. Енді Абзалдың туыстары оқиға орнында жараланғаны аздай, жазықсыз сотталып кетеді ме деп қауіптенеді.

«Тергеу барысында тергеу Сардолдаев тергеу амалдарын көрсеткен жоқ. Тергеу амалдары дұрыс өткен жоқ. Олар бізден экспертиза алу керек. Ішінде бәрінде қан да жатыр, атқан оқтары да жатыр. Ешқайсысын көрсеткен жоқ. Әділдік жоқ бізде. Прокуратураға да сенбеймін. Әділдік жоқ бұл жерде», – деді Абзал Кәленовтің әйелі Фарида Нұрзапил.

Бұл Түрксіб ауданындағы 155/18 уақытша ұстау изоляторы. Дәл қазір мұнда Байсеркедегі атыста болған Абзал Каленов пен оның жақтастары деп саналатын 6 адам отыр. Қылмыстық оқиғаға қатысы бар деген күдікпен оларды осыдан 8 ай бұрын қамауға алған.

Алматы облыстық полиция департаменті қозғаған бап бойынша кінәлілердің жазасы анықталса, 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін дейді.  

«Аталған факт Қазақстан Республикасы Кодексінің 99-бабы 24-тармағымен тергеліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу аясында облыстық департаменттің тергеушілері қажетті іс-әрекеттерді жүргізді. Бұл қылмыстық іс 30 сәуірде  Іле аудандық прокуратурасына жолданды. Ары қарайғы процес соттың қарауында», – деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы

Әбілтай Әбенов.

Тергеу амалдары жылға жуық уақытқа созылған бұл істің шешімі қалай болары белгісіз.

Ұлағат Арғын, Мұрат Тайжанов, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир