Алматыда полиция департаментіне 27 рет шабуыл жасалған

17.01.2022 01:21

Бұл туралы Алматы ПД басшысы Қанат Таймерденов айтты

Фото: Әлихан Сариев

5 қаңтар күні лаңкестер Алматыдағы полиция департаментіне 27 рет шабуыл жасаған. Арнайы дайындықпен келген қарақшылардың негізгі жоспары полиция бөлімшелерін басып алып, қару-жарақты қолды қылу болған. Бұл туралы Алматы ПД басшысы Қанат Таймерденов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Мен өзім Полиция департаментінде болдым, ғимаратты басып алу үшін 27 рет шабуыл  жасалғанын санадық. Қылмыскерлер техниканы, джиптер мен КамАЗ көліктерін қолданды.

Шабуылдарды соғыс тактикасын жақсы білетін, өлілер мен жаралыларды қалдырмай, өздерімен бірге алып кететін, кәсіби дайындығы бар адамдар жасады", - деді ол.