Мысырда жұмыс істеп жүріп жұмбақ жағдайда көз жұмған дипломаттың мүрдесі қол-аяғы байланбаған күйінде табылды. Денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ. Бүгін шетелдегі дипломаттың өліміне қатысты еліміздің сыртқы істер минирстрлігі осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мысырдағы Қазақстан елшілігінің екінші хатшысы Еламан Жолдасовтың өлімі әлі де жұмбақ болып отыр. Оның мүрдесін 13 желтоқсан күні өз үйінің кіреберісінде тапқан жары бірден елшілікке хабарлайды. Осы күнге дейін кей ақпарат құралдары қазақстандық дипломаттың қолдары артына байланып, тіпті зорлық-зомбылықпен өлтірілгенін айғақтайтын белгілері барын хабарлаған болатын. Алайда, бүгін ресми мәлімдеме жасаған Сыртқы істер министрлігінің өкілдері бұл ақпарды жоққа шығарып отыр. Тіпті бұны растайтын оқиға орнынан алынған фото және бейнематериалдар барын жеткізді. Ал бұқаралық ақпарат құралдарын біреудің қайғысынан сенсация жасау үшін шындыққа сәйкес келмейтін ақпарды таратпауын сұрады.
«17 желтоқсан күні аталған оқиғаға қатысты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерінде «Жолдасов Еламан өз үйінің өлі табылды. Оның қолдары мен аяғы артынан байланып, арқасы мен денесі кір болған. Демек, оны жерде сүйреген» деп таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ол мойны жіпке оралып, баспалдақтың таянышына асылып тұрған күйінде табылған. Алғашқы сыртқы тексеру кезінде денеде қандай да бір зақым, көгерулер мен жарақаттар болған жоқ», – дейді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек СМАДИЯРОВ.
Жақындары болса туысының суицидке баруы мүмкін емес дегенді алға тартады. Бастапқыда тіпті қасақана өлтірілген деген ақпар алғанын айтуда.
«Өзіне-өзі қол жұмсауы мүмкін емес. Өйткені келінім қайың інім екеуі де дін танушы. 12 жасынан бастап қазақ-түрік лицейінде түріктерді білесіздер өте мұсылман халық. Дін танып, білімді жігіттің өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес. Біз халықтан, елден, көпшіліктен сұрайтынымыз әділ шешім шығаруға көмек берсе екен. Аты қара болып кетпеуін қалаймыз. Өйткені өсіп жатқан екі ұлы бар. Аяғы ауыр келіншегі бар. Ол да дүниеге Құдай қаласа ақпан айында әуелуге тиісті», – деді Еламан жолдасовтың жеңгесі Нәзипа ӨСЕРБАЕВА.
Еламан Жолдасовтың жақындары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап жазған хатын әлеуметттік желіге орналастырып таратқан. Хатта олар Каир қаласында істі ешбір сараптамасыз «суицид» ретінде жауып тастағысы келгенін жеткізіп, Президентті бұл мәселені өзінің жеке бақылауына алуын сұрауда.