Алматы полициясы атыс шығарған ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр
Sputnik. kz
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аталған үйдің тұрғындары эвакуацияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазіргі уақытта пәтерде жасырынған күдіктімен келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарулы адам тұрғын үй кешеніндегі баспалдаққа оннан аса оқ атқан. Оқыс оқиғадан зардап шеккен азамат реанимацияда, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аталған үйдің тұрғындары эвакуацияланды. Полиция азаматтарды тынышталуға шақырады.
Қарулы азамат келіссөздерден бас тартып отыр. Қылмыскерді ұстау және залалсыздандыру бойынша арнайы операция әлі де жалғасып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00