«Бұқар Жырау» тұрғын үй кешенінде атыс шығарған адам терезеден секіріп кетті
Sputniik.kz
Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қарулы адам құқық қорғаушылармен келіссөзге келмей, оларға қарсы оқ атқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Бұқар Жырау» тұрғын үй кешенінде атыс шығарған ер адам терезеден секіріп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күндіз тұрғын үй маңында күзетшінің аяғына оқ атқан қарулы адам кешке дейін пәтер ішінде жасырынды. Сағат кешкі жеті шамасында полиция қарулы адамды ұстау бойынша арнайы операцияны бастады.
Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қарулы адам құқық қорғаушылармен келіссөзге келмей, оларға қарсы оқ атқан. Арнайы операция сәтсіз аяқталып, қарулы адам терезеден секіріп кетті.
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы оқыс оқиғадан жарақат алған күзетшінің қаладағы медицина мекемелерінің біріне жеткізілгенін, жағдайы қалыпты екенін мәлімдеді. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34