Солтүстік Қазақстан облысының Булаев қаласында өрттен 4 адам мерт болды. Оқыс оқиға бүгін таңғы сағат 07.00-де болған. Төтенше жағдай қызметінің мамандары жеткенде үйдің шатыры түгелдей жанып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кейін бірден газ балоны жарылған. Алапат өрттің салдарынан 1 жанұя мүшелері көз жұмды. Бұл отбасының артынан тек кішкентай қызы қалды. Өрт сөндіру мамандарының сөзінше, онымен қазір психолог мамандар жұмыс істеп жатыр. Тілсіз жаудың неден шыққаны әзірге белгісіз.
«Степная 3 көшесінде тұрғын үй өртенді. Өртті сөндіру кезінде 4 адамның денесі табылды. Күйеуі мен әйелі, олардың ұлы және әйелдің әпкесі қайтыс болды. Бұл отбасының тұрмыстары жақсы болған. Олар еш жерде есепте тұрмайды. Халық арасында әлеуметтік осал топқа жатпайды. Біздің болжауымыз бойынша өрт пештің кесірінен болуы мүмкін», – деді Облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Дмитрий Растихин.