Індетпен күресте дәрігерлердің ғана емес тазалық мамандарының да еңбегі зор
Індетпен күресте дәрігерлердің ғана емес тазалық мамандарының да еңбегі зор. Бүгін Алматыда дезинфекция жұмысының 16-кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бір күннің ішінде қалада 7 мыңнан аса кіреберістер мен мың жарымға жуық аулалар залалсыздандырылды. Тазалық кезінде қандай аймақтарға ерекше көңіл бөлінеді?
Қауіпті індетке жол жоқ! Осылай ұрандатқан мамандар 16-кезеңнің 3-күнінде қаланың барлық аудандарында жаппай дезинфекция жұмыстарын жасады. Санитарлық шаруа ең алдымен Әуезов ауданындағы Ақсай-1 ықшам ауданынан басталып, ондағы көпқабатты үйлердің кіреберістері мен аулалары түгел тазартылды.
«Әуезов ауданы бойынша 7 топ ұйымдастырылған. Әр топта 10-10 адамнан. Әр топтың өзінің бөлінген ықшам ауданы бар, өзінің белгіленген уақыты бар, белгіленген жері бар. Әр топ үш күнде бір рет өзінің ауданын қайталап отырады. Бір топқа бір күнде 400-450 кіреберістен келеді. Жалпы 3 күнде біз 5144 подъезді жасаймыз», – деді Әуезов ауданы бойынша дезинфекция жұмысының жетекшісі Сапар МҰРАТХАН.
Санитарлық жұмыстарды атқару үшін бүгін барлығы 441 маман 62 топқа бөлініп жұмыс істеді. Мамандар кіреберістердің есігін, пошта жәшіктерін, сондай-ақ баспалдақ пен домофондарға түгелдей хлорлы тазартқышты сеуіп шықты.
Дезинфекторлар Әуезов ауданындағы көпқабатты үйлердің кіреберісінен бөлек, балалар алаңын да тазартуда. Мұндағы әткеншектер, мінбелер, орындықтар мен барлық балалардың қолы жететін жерлер акмахлор толтырылған 16 литрлік сұйықтықтың көмегімен залалсыздандырылуда. Дезинфекция жұмысы біткеннен кейін балаларға алаңда ойнауға 3 сағат ішінде рұқсат етілмейді.
«Балаларымды дезинфекция жасап болғаннан кейін сыртқа шығарамын. Менде ешқандай қорқыныш жоқ. Антисептигім де бар. Үйге кіргеннен кейін қолымызды кір сабынмен жуамыз. Дезинфекция жасап жатқандарыңызға көп-көп рахмет!», – деді қала тұрғыны Күмісай ЖҰМАХАНОВА.
«Тазалық жұмыстарын жасар алдында әрдайым алдын ала ескертеді және уақытылы жүргізіледі. Барлығы жақсы, әрі таза. Ешқандай ескерту жоқ», – деді қала тұрғыны Александр ЧЕВЕНЕВ.
Сонымен, 16 кезеңде қала бойынша барлығы 8 мыңнан аса үйдегі 23454 кіреберіс пен 4082 аулада дезинфекция жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, мегаполистегі 19 ауру ошақтарында вирустың таралуының алдын алу мақсатында 5 топ іске қосылыпты. Алдағы уақытта барлығы 24 кезең жүзеге асырылатын болады.
Аяулым Көлжігіт, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы
ГРАИФКА-3
Кіреберістер мен аулаларды дезинфекциялау
16 кезең, 3-ші күн - 20 мамыр
7268 кіреберіс тазартылды
(2682 үйдегі)
1345 аула тазартылды
62 топ құрылған
441 адам жұмылдырылған
ГРАФИКА-2
Қала бойынша ауру ошақтары
Алатау ауданы 6
Алмалы ауданы 3
Әуезов ауданы 5
Бостандық ауданы 2
Жетісу ауданы 0
Медеу ауданы 0
Наурызбай ауданы 0
Түрксіб ауданы 3
Барлығы: 19
Дезинфекция жасайтын топ: 5
ГРАФИКА-1
Дезинфекцияның 16 кезеңі
23454 кіреберіс
8503 үй
4082 аула
Аулалар мен қоғамдық орындардағы дезинфекция
1069 маман
152 арнайы техника
2540 құм салынған қаптар
24 бірлік мотопомп