Тараз маңында қойылған блок-бекеттердің жұмысы ат патрульдерімен күшейтілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кезекші топтардың міндеті-карантинді аймақтардың шекарасын рұқсатсыз айналып өту әрекеттерін анықтау және карантин режимін бұзуға жол бермеу. Қазіргі күнге Таразға жауынгерлік аттар мен тәжірибесі мол 30 келісімшарт бойынша әскери қызметшілер жіберілген. Сонымен қатар, қызметтік жылқыларды ұстайтын орын да салыныпты. Аталмыш бөлімшеде тау-атыс, таулы-егерлік роталары бар. Әскери қызметшілерінде кәсіби альпинистік, сондай-ақ, атпен жұмыс істеу дағдылары жақсы дамыған. Техникаға жүріп өтуге қиын таулы жерлерде, олар оқ-дәрілерді, жүктерді, жараланғандарды тасымалдау сынды міндеттерді атқарады. Айта кетерлігі, таулы-егерлік бөлімшедегі қызмет ерекше білім мен дағдыларды талап етеді. Ал оқу-жаттығулармен, сайыстар барысында жинаған тәжірибе, қызметте өз үлесін қосады дейді Қорғаныс министрлігінің басшылығы.