|
26.08.2021 | 20:52
13432

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде жойқын жарылыс болды - куәгерлер түсірген видео

Әлеуметтік желілерде жарылыстың видеолары пайда болды

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде жойқын жарылыс болды - куәгерлер түсірген видео Almaty.tv

26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде жарылыс болды. Әлеуметтік желілерде куәгерлер түсірген жарылыстың видеолары тарала бастады. Оқиға болған жерге  Almaty.tv тілшісі де барды.

Еліміздің Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққанын растады. 

"Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Аталмыш бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт салдарынан белгісіз заттар жарылды. Өртті сөндіруге әскери бөлімнің шынжырлы өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысының ТЖД өрт сөндіру есептоптары көмектесуде.

Өрт ошағын жою жалғасуда. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.

Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді" делінген ресми хабарламада. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир