«Мята», «Lost Angels», «Соседи»: Алматыда карантин шараларын бұзған мекемелерге айыппұл салынып жатыр

«Мята», «Lost Angels», «Соседи»: Алматыда карантин шараларын бұзған мекемелерге айыппұл салынып жатыр
Бір түнде Алматы полицейлері карантинді бұзған 60 адамды бөлімшелерге жеткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 7 сәуірден 8 сәуірге қараған түні мониторингтік топтардың өкілдері қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің карантиндік нұсқауларын бұзған 13 оқиғаны  анықтады,  деп хабарлайды Almaty.tv.

Күнделікті ескертулерге және санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтауға шақыруға қарамастан, түнде 60 алматылық полицейлер басқармаларына одан әрі тексеру үшін жеткізілді, сонымен бірге, екі жеке тұлғаға қатысты қоғамдық орында қорқор шеккені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Түнгі тексерулер бизнес нысандары бойынша жүргізілді: мейрамханаларда, дәмханаларда, дүкендерде және екі компьютерлік клубта бірқатар бұзушылықтар анықталды.

«Біздің мобильді топ карантиндік шаралар кезінде жұмыс режимі бұзылған екі мекемені анықтады, сонымен қатар бір мекемеде қорқор шегу фактісі анықталды.

Сағат 23.00-де біз «Мята» лаундж-барында карантин бұзушылықтары анықталды. Бұл мекеме бұған дейін де жұмыс режимін бұзған, алайда бұл жолы мекеме әкімшісі қонақтарды сағат 22.00-де шығарып салуға тырысқанына сендірді, бірақ оның айтуынша, олар бардан кете қоймаған», – деді Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігінің жанындағы мониторингтік топ өкілі Талғат Құрмамбеков.  «Мята» мекемесінде мониторингтік топ келген кезде 20-ға жуық адам болған. «Мята» әкімшілігіне қатысты тиісті шаралар қабылданды.

Бұзушылықтар орын алған мекемелер арасында «Уголек» дәмханасы, «RGB» компьютерлік клубы, «Мята» лаундж бары, «Lost Angels» лаундж бары, «Соседи» бары сияқты мекемелер бар.

Биыл 19 наурыз бен 8 сәуір аралығында карантиндік шараларды күшейту кезеңінде Алматыда белгіленген шектеулерді бұзған 494 оқиға анықталды. Оның 326-сы мейрамханаларда, дәмханалар мен дүкендерде, 76 заңбұзушылық компьютерлік клубтарда, 12-сі бильярд клубтарында, 38 СПА-да, 21-і сауналарда, 2 заңбұзушылық кальян барында (олардың қызметіне мүлдем тыйым салынған), 11-і караоке клубында, 3-і лото клубтарында, 5-і түнгі клубтарда тіркелді. Осы кезеңде барлығы 2534 адамға айыппұл салынды.

Алматы қаласының әкімдігі қала тұрғындарын карантиндік шектеулерді сақтауға, ойын-сауық орындарына рұқсат етілген жұмыс кестесінен тыс уақытта бармауға, дүкендер мен сауда орындарына барған кезде бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекциясын  жұқтырған 2586 науқас анықталды. Өңірлер бойынша Алматы қаласында  710 науқас тіркелген.

Новости партнеров