|
01.03.2021 | 22:15
2869

Түркістан қаласындағы қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Қайғылы жағдай орын алған кезде отағасы Шымкент қаласындағы ауруханалардың бірінде ем қабылдап жатқан

Түркістан қаласындағы қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Түркістан қаласындағы қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

 27 ақпанда Түркістан қаласындағы жеке үйлердің ішінен 5 адамның мәйіті табылған еді. Олар бір үйдің 16,15,7 және 5 жастағы балалары мен 41 жастағы анасы. Алдын ала болжам бойынша, марқұмдар газдан уланып қайтыс болған.

«Пешті мұқият тексеру барысында орнатылған пешке гофрленген бұрғыш қосылғаны анықталды. Ол жану өнімін пештен 1,5 метр қашықтықта қабырғадағы тесік арқылы көшеге шығарылған. Сыртқы жағынан гофрленген розетка 5-7 см ғана құрайды, осылайша қатты желдің әсерінен пештегі тартылыстың нашарлауына ықпал етіп улы газ бөлме ішіне тарауына әкеп соғуы мүмкін», – деді Облыстық ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов.

Қайғылы жағдай орын алған кезде отағасы Шымкент қаласындағы ауруханалардың бірінде ем қабылдап жатқан екен. Қайғыдан қан жұтып отырған ол Түркістанға жете салысымен мәйіттерді жер қойнауына тапсыру үшін туған жері Жаңақорған ауданына алып кеткен. Сондай-ақ әкімдік тарапынан арнайы демеушілер тартылып 7 млн теңге көлемінде көмек көрсетуді және облыстық мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын аударуды жоспарлап отыр. Төтеншеліктердің мәліметінше, марқұмдар ақпанның 27-сі емес, 26-сына көз жұмған болуы мүмкін. Себебі сенбі күні олардың бірде бірі үйінен шықпаған және марқұм болған отанасы ол күні жұмысқа да бармапты. Мәйіттерді алғаш болып көршісі анықтаған.

«Кіргенде әйел есік алдында тазикке құсқан. Сол арада қалып кеткен. Екі ұлы сол бөлмеде, кіші қызы арғы бөлмеде, кіші баласы бергі бөлмеде жатыр», – деді Түркістан қаласының тұрғыны Кенжебай Мақұлбеков.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир