Түркістан облысында 5 миллион теңгенің малын ұрлаған күдікті ұсталды

09.01.2021 03:40

Ол, ұрлаған малдарды 3 асыл тұқымды жылқыға айырбастап үлгеріпті

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында полиция қызметкерлері жалпы құны 5 миллион теңгенің малын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Келес аудандық полиция бөліміне хабарласқан тұрғын – жеті бас жылқысының қолды болғанын айтып арызданады. Қылмысқа қатысты барлық шараларды орындау нәтижесінде полицейлер көршілес ауылдан күдіктіні қолға түсірген. Ол, ұрлаған малдарды 3 асыл тұқымды жылқыға айырбастап үлгеріпті. 

«Ірі мөлшерде бөтен малды жасыру, жымқыру бойынша іс қозғалды. Осы істі тергеп тексеру барысында Келес аудандық полция қызметкерлерімен жедел іс шаралар жүргізу нәтижесінде Келес ауданының А есімді тұрғынын күдікті ретінде тергеу бөлімшесіне жеткізіп, тергеп тексеру нәтижесінде ол өзінің ісін толық мойындады. Текстеру барысында аталған ұрланған 7 бас жылқының 4 бас жылқысы табылып, қылмыстық іске тіркеліп, содан соң жәбірленушіге қолқат ретінде қайтарылды. Қазіргі уақытта күдікті Келес ауданының сотының станциясында екі ай мерзімде күзет түрмеге босатылмас шарасы қолданылды»,– деді Келес аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Есбол Мінайбеков.