|
18.11.2019 | 21:03
10369

Алматыда 22 жастағы қыз жоғалды

Ақнұр Мәженова 10 күннен бері байланысқа шықпаған

Алматыда 22 жастағы қыз жоғалды

Ата-анасы «Алматы» арнасынан көмек сұрап келді. Айтуларынша, Ақнұр Мәженова 10 күннен бері байланысқа шықпаған. Ата-анасы Алматыдан 80 шақырым жерде тұрады. Ал, Ақнұр қалада төрт қызбен пәтер жалдап келген. Бірақ, нақты мекен-жайын ешкім білмейтін болып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Анасының айтқаны бір апта бұрын құқық қорғау органдарына өтініш жазғанымен, таба алар емес. Ақнұрдың өзі соңғы рет жоғалатын күні анасымен телефон арқылы сөйлескен. Содан бері ешқандай хабар жоқ.        

«Сол жоғалатын күні 7 қарашада маған хабарласты. Бірақ қалта телефоны емес, жұмыс телефонынан  қоңырау шалды. «Өзімнің телефоны сынып қалды» деді. Дисплей көрінбей қалғанын айтып, басқа телефон алып беруімді өтінді», - деді Ақнұр Мәженованың анасы Әлия АЛИШЕВА.

Ақнұрды соңғы рет жұмысындағы қыз-жігіттер көрген. Содан бері ешқандай хабар-ошар жоқ. Ал, ұялы телефонын өзі жоғалған күні істен шыққан соң жұмысына тастап кетіпті. Ондағылардың айтуынша, Ақнұр ешкіммен ашылып әңгіме айтпайтын, тұйық қыз болатын. Дегенмен, егер жұмысқа қандай да бір себеппен шыға алмайтын болса, міндетті түрде ескертетін дейді.  

«Біз қарашаның 7-сі күні сағат 11-00де жұмыстан шықтық. Негізі бастықпен бір жақта тұратын болған соң, сол кісімен қайтатынбыз. Алайда Ақнұрдың өзі шығып кетіп қалған. Одан кейін ертесіне жұмысқа келген жоқ. Сосын хабарласайын десек, телефонын кассаға тастап кетіпті. 2 күн жұмысқа шыққан жоқ. Сосын мамасына хабарластық», - деді Ақнұр Мәженованың әріптесі Арайлым БЕРІКҚАЖИЕВА.      

Жоғалған Ақнұр есімді 22 жастағы мына қызды көрген-білгендер болса, бірден полицияға хабар берулеріңізді сұраймыз. Ата-анасы қыздарының аман-есен үйге оралатынына сенеді.    

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир