Алматы облысында қымбат бағалы көліктерді тонайтын ұры ұсталды

polisia.kz
polisia.kz
Ұсталған күдіктіден ұрланған ақшаның бір бөлігі ғана тәркіленді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында қымбат бағалы көліктерді тонайтын ұры ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Соңғы жағдайда ол полиция қызметкерлерімен әшкереленді. «Lexus» автокөлігіне екі рет ұрлық жасаған күдікті бейнебақылау камерасына түсті.

«Жақында бізге кезекші бөлімге Балпық би ауылындағы сауда үйлерінің бірінде тұрған «Lexus» маркалы автокөлігін салоннан ұрлап кеткен белгісіз тұлғаларға қатысты шара қолдану туралы жазбаша өтінішпен 28 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Келесі күні сол азамат сол жерде тағы да 2000 АҚШ долларын ұрлағаны туралы арызданған», – деді Көксу аудандық полиция бөлімінің бастығы Рамиль Гимадиев.

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, тыңшылар күдікті ретінде Талдықорған қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады, ол жәбірленушінің сауда үйінде көмекшісі болып қызмет атқарған. Ұсталған күдіктіден ұрланған ақшаның бір бөлігі ғана тәркіленді, ал қалған ақшасын күдікті жұмсап үлгерген.

«Бейнежазбамен және басқа да дәлелді дерек көзімен әшкереленген азамат ұрлық жасағанын мойындады және ақшаны машинада сақталатыны туралы білгенін және ақшаға аса мұқтаж екенін айтты, ол дүкеннің терезесінде машинаның кілтін қалдырған иесінің сенімін пайдаланып, екі рет ірі ақша қаражатын ұрлады», – деді Рамиль Гимадиев. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Ұрлық) бабымен қылмыстық іс қозғалды.


Новости партнеров