Петропавлда полиция қызметкерлері ритуалдық агенттіктерге қайтыс болғандар туралы мәлімет берді деген күдікке ілінді. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, жедел басқару орталығының бірнеше қызметкері сауалнамалық деректерді бөтен адамдарға белгіленген бағамын сатып отырған. Қазіргі уақытта оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Олар ритуалдық агненттіктерге ақшалай сыйақы үшін Петропавл қаласының аумағында қайтыс болған адамдар туралы мәліметтерді ұсынғаны үшін қазіргі уақытта күдіктелуде. Айта кету керек, қайтыс болған адамдардың, яғни сауалнамалық дерекетерді берген үшін 4 мың теңге есебінен алып отырған. Қазіргі уақытта тергеу басталды, қалған мән-жайлар тергеу мүддесінде жария етілмейді», – деді Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин.