ҚР Қорғаныс министрлігінің ұшағы Алматы облысына апатты жағдайда қонды

05.05.2020 02:17

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Facebook-тегі парақшасында жазды

inform.kz

ҚР қорғаныс министрлігінің әскери ұшағы Жетіген аэродромына аман-есен қонды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің тілеуіміз қабыл болып, ұшақтың шассиі ашылды. Ұшақ қонды. Бәрі дұрыс», –  деп жазған Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтаннан Ақтөбеге бағыт алған ұшақтың алдыңғы шассиі ашылмай, апатты жағдайда Балқаш қаласына қонатыны туралы хабарлама тараған.