|
28.03.2020 | 21:39
1962

30 наурыздан 5 сәуірге дейін қандай ұйымдар мен кәсіпорындар жұмысын тоқтатады

Кәсіпорындардың тізімі қала әкімдігінің сайтында жарияланады

30 наурыздан 5 сәуірге дейін қандай ұйымдар мен кәсіпорындар жұмысын тоқтатады © instagram/dots_foto

30 наурыздан 5 сәуірге дейін қаланың мемлекеттік органдары, тамақтану, медициналық және ветеринарлық нысандар, қаланың үздіксіз тіршілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарынан басқа барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметі меншік түріне қарамастан уақытша тоқтатылады.

Кәсіпорындардың тізімі қала әкімдігінің сайтында жарияланады. Сұрақтарыңыз туындаса қалалық жедел штабқа хабарласуыңыз қажет. Азық-түлік, дәрі-дәрмектер пен қажетті заттарды жеткізу қызметтері таңертеңгі 9-дан кешкі 10 дейін қол жетімді болады. Барлық ұйымдар, кәсіпорындар мен қалалық қызметтер жұмысқа тартылған қызметкерлер үшін санитарлық қорғау режимін күшейтеді. Бұл шаралардың барлығы  қоғамның  қауіпсіздігін, денсаулығы мен болашағын қамтамасыз ету үшін  қолға алынып жатыр.

КАРАНТИН РЕЖИМІ КҮШЕЙТІЛДІ

30 наурыз бен 5 сәуір аралығында:

–  қаланың мемлекеттік органдары;

–  тамақтану;

–  медициналық және ветеринарлық нысандар;

–  қаланың үздіксіз тіршілігі;

–  қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтер;

–  бұқаралық ақпарат құралдары жұмысын жалғастырады;

–  Барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылады;

–  Азық-түлік, дәрі-дәрмектер мен қажетті заттарды жеткізу қызметтері 9-00 мен 22-00 жұмыс істейді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир