|
03.04.2020 | 21:39
1887

Карантин: Тілшіміз патрульдік полицияның бір күндік жұмысымен танысып қайтты

Карантин күшейтілгелі Алматы көшелерінде себепсіз жүріп-тұруға шектеу қойылған

Карантин: Тілшіміз патрульдік полицияның бір күндік жұмысымен танысып қайтты Almaty.tv

Карантин  күшейтілгелі Алматы көшелерінде себепсіз жүріп-тұруға шектеу қойылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Ал, тұрғындар жеке автокөліктерімен қайда бара алады? Кімдерге қалада қатынауға рұқсат бар? Қазіргі көлік қозғалысы қалай? Патрульдік полицияның бір күндік жұмысы қалай өтеді?

Бүгін жұма. Қазір сағат таңғы 7-ден 30 минут кетті. Өздеріңіз көріп тұрғандай дәл менің артымда барлық батальон сап түзеп, бүгінге қойылған тапсырмаларды алуда. Сондай-ақ, кім қай бекетте, қай блок-бекетте пен кім аранйы батальонда жұмыс істейді. Сондай-ақ, олардың қару-жарақтары түгел тексеріліп жатыр.

Жарты сағатқа созылған таңғы таралым осымен аяқталды.Енді барлық инспекторларға жеке-жеке тапсырма берілді. Ал, бізбен бүгін арнайы батальонның аға инспекторы Тоқшылық Бағлан Базарбайұлы жүреді.

 – Бағлан Базарбайұлы, бүгін біз қандай тапсырма алдық, қандай қызмет атқарамыз?

 – Біздің таңғы таратылымда батальон басшысының бұйрығы бойынша әрбір инспектор біз экипаж ретінде шығамыз. Әрбір көлікке екі инспектордан. Карантиндік режимді халыққа жеткізу мақсатында қазір патрульдік әдіспен жұмыс істейміз.

 –  Жақсы ендеше уақытты созбай көлікке отырайық.

Әл-Фараби даңғылында әлі де болса көлік қозғалысы бар. Қазір таңғы сағат 8.18 минут өтті.

 –  Бағлан мырза, сіздер күнделікті патрульге шығып жүрсіздер. Көлік қозғалысы тек таңғы уақытта осындай ма, әлде күні бойы әрлі-берлі жүре береді ме?

 –  Күн бойы десе де болады. Қазір таңғы уақытта елдің барлығы жұмысына барады. Апаттық қызметтер бар, қаланың тыныс-тіршілігіне қажетті қызметтердің қызметшілерінің жеке көлігі болсын, қызметтік көлік болсын жұмысына жетуі керек.    

Алғашқы «Toyota Highlander» көлігін де тоқтаттық. Ендеше барып, анықтамасы, жүріп-тұруға рұқсаты бар ма, соны тексеретін боламыз.  

–  Жүргізіші куәлігіңізді көрсетіңіз. Аты-жөніңізді көретіндей.

–  Жол патрульдік полициясы –  капитан Тоқшылық. Қай жаққа бара жатырсыз, аға?

–  Погран академиясына.

–  Қазір карантиндік режимі екенін білесіз ғой. Жұмыс орныңыздан анықтама бар ма?  Жұмыс орныңыздан анықтама қағазын көрсек болды. Ескертіп айтып жатырмыз. Міндетті түрде маскаңызды тағасыз. Жұмысқа, жұмыстан үйге. Артық қозғалыс болмауы керек. Жақсы жолдарыңыз болсын!    

– Таңнан бері бірнеше көлікті тоқтаттық. Барлығында 100 пайыз жұмыс орнынан анықтама бар. Ал, алдыңғы күндері қалай болып еді?

– Біздің күнделікті ескерту беру жұмыстарымыз өз нәтижесін берді деп ойлаймын. Өйткені, бұрын елдер алыс-жақын жерлерге жұмыстан берілетін анықтамасыз, өз жұмыстарымен жүретін адамдар көп болған. Қазір күнделікті ескерту жұмысы нәтижесін берді. Тек, қажеттілік бойынша анықтама қағазымен жүреді.        

– Сағат 11.00-ден асты. Бағлан Базарбайұлы, таңғы сағат 8.00-ге қарағанда қазіргі уақытта көліктердің қозғалысы азайған сыңайлы.

– Иә, атап өткендей қаланың тыныс тіршілігіне қажетті қызметтерінің қызметкерлері өз жұмыс орнынан жетіп алды. Яғни, қазіргі уақытта өздеріңіз көріп отырғандай, көшеде тек қоғамдық көліктер, такси қызметтері бар және апаттық қызметтер, дәрі-дәрмек таситын автокөліктер.

– Құжаттарыңызды көрсетсеңіз. Карантин уақытында не себепті шықтыңыз?

– Жеңгемді ауруханаға апарып келдім. Үйге қайтып бара жатырмын.

– Қай ауруханаға апардыңыз?

– Жекеменшік емханаға.  

–  Емханаға қандай да бір қажеттілік болатын болса, онда сол барған емханаңыздан немесе шақыртқан емханадан қағаз алыңыз.

– Міне, 4-күн болды үйде жатырмын ешқайда шығып жатқан жоқпын. Азық-түлікті алдын ала алғанмын. Үйде барлығы бар.    

Мінекей, қазір сағат 12 болды. Біз құқық қорғау мамандарының уақытын алмайық дедік.

–  Бағлан мырза, сізге алғыс айтамыз. Осындай жұмыстарыңыз қауырт кезде жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз. Шаршамаңыздар!

– Қортындалайтын болсақ, біздің негізгі мақсатымыз – Алматы қаласының тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп және жол қауіпсіздігімен жұмыс істейміз. Өтініп сұрайтынымыз үйде отырыңыздар!  

– Жақсы. Жұмыстарыңызға тағы сәттілік тілейміз, абыроймен атқарыңыздар!    

–  Жақсы сау болыңыздар. Сіздерге де рақмет.

Патрульдік полицияның қысқаша жұмыс күні осындай. Тек, қала көшелерінде мамандар: медицина, күнделікті қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін мамандар мен өзге де құқық қорғау органдарының мамандары жүре алады. Ал, өзге адамдарға азық-түлік немесе дүкенге, сондай-ақ, шұғыл медициналық мекемелерге баруға рұқсат берілген.  

Арнат Дүйсен, Мұрат Тайжанов, «Алматы» арнасы  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир