Ағаш әйел мен 5 баланың үстіне құлап кеткен
Алматыда құлаған ағаштың астында қалған әйелдің өмірін дәрігерлер сақтап қала алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қайғылы оқиға Шацкий көшесінде болған. Ағаш әйел мен 5 баланың үстіне құлап кеткен.
Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқыс оқиғадан медициналық көмекке 4 адам жүгінген.
«Түрлі жарақат алған бір бала ауруханаға жатқызылды. Қалған екі баланы дәрігерлер қарағаннан кейін үйлеріне жіберді. Әйел № 4 қалалық клиникалық ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Өкінішке қарай, оның өміріне дәрігерлер араша түсе алмады»,- деді баспасөз қызметінен.