Маңғыстау облысында әскери қызметші қайтыс болды, деп жазады sn.kz порталы ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Маңғыстау облысында алдын-ала болжам бойынша, қаруды ұқыпсыз қолдану нәтижесінде мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметші қатардағы жауынгер А.Д. Агеев иығына оқ атқаннан жарақат алды. Ауруханаға барар жолда әскери қызметші қайтыс болды. Әскери құқық қорғау органдарымен тергеу жұмыстыры жүргізілуде», - делінген хабарламада.