|
Oqıǵalar
12.10.2019 | 11:22

Арыс маңында жарылыс болып, әскери қызметкер қаза тапты

Арыс маңында жарылыс болып, әскери қызметкер қаза тапты Иллюстративное фото Sputnik

Арыс қаласы маңында оқ-дәрі жарылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 қазанда арнайы жабдықталған полигон аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) жиналған оқ-дәрі фрагменттерін жою кезінде оқ-дәріге уақытынан бұрын детонация жасалған. Салдарынан топ жетекшісі, әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы, майор А. С. Ақышев қаза тапты.

«Оқиға орнынан жеткен ақпаратқа сәйкес, жұмыс қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілді. Орын алған оқиғаның нақты себебі мен салдары анықталуда. Арнайы тергеу тобы жұмыс жасап жатыр. Бұл жағдай полигонға жақын орналасқан қала тұрғындарына қауіп төндірмейді, өңірде үздіксіз бақылау жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметкердің туыстары мен достарына көңіл айтады және оларға барлық қажетті көмекті көрсетеді.