Күннің қатты ысуынен таудағы мұздықтар ери бастаған. Ал соңғы жауған нөсер мореналық көлдердің деңгейін көтерген. Мамандар сел қаупін алдын-алу мақсатында кіші Алматы өзені бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір аумақта гидробекеттер үздіксіз жұмыс істеп жатыр.
– Біз қазір табиғи апаттың салдарынан болған жағдайды ретке келтіріп жатырмыз. Сондай-ақ, селдің алдын алу шаралары қарастырылып жатыр. Айтпай келген бұл апат біраз шығын келтірді. Бірақ бәрін қалпына келтіреміз, – деді Тұйықсу альп-лагерінің әкімшісі Юрий Ненин.
Жауапты мамандар селден сақтану шараларын да еске салды. Өзеннің арнасына жақын жерге шатыр тікпеуге, қауіпті аумақтарға жақындамауға кеңес берді.
– Қазіргі кезеңде Кіші Алматы бойынша 6-мореналық көлде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол жерде бақылаушылар бар, судың деңгейін бақылап отыр, – деді «Қазселденқорғау» ММ Кіші Алматы өндірісті пайдалану бөлімінің бастығы Мұхаммед Әбділдаев.
Оқи отырыңыз: Селдің салдары: "Шымбұлақ" тау шаңғы курорты жабылды