Сел қауіпі: мамандар өзеннің арнасына жақын жерге шатыр тікпеуге кеңес берді

25.07.2023 02:50

Қауіптің алдын-алу мақсатында Кіші Алматы өзені бақылауда ұстап отыр

Almaty.tv

Күннің қатты ысуынен таудағы мұздықтар ери бастаған. Ал соңғы жауған нөсер мореналық көлдердің деңгейін көтерген. Мамандар сел қаупін алдын-алу мақсатында кіші Алматы өзені бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір аумақта гидробекеттер үздіксіз жұмыс істеп жатыр.

– Біз қазір табиғи апаттың салдарынан болған жағдайды ретке келтіріп жатырмыз. Сондай-ақ, селдің алдын алу шаралары қарастырылып жатыр. Айтпай келген бұл апат біраз шығын келтірді. Бірақ бәрін қалпына келтіреміз, – деді Тұйықсу альп-лагерінің әкімшісі Юрий Ненин.

Жауапты мамандар селден сақтану шараларын да еске салды. Өзеннің арнасына жақын жерге шатыр тікпеуге, қауіпті аумақтарға жақындамауға кеңес берді.

– Қазіргі кезеңде Кіші Алматы бойынша 6-мореналық көлде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол жерде бақылаушылар бар, судың деңгейін бақылап отыр, – деді «Қазселденқорғау» ММ Кіші Алматы өндірісті пайдалану бөлімінің бастығы Мұхаммед Әбділдаев. 

Оқи отырыңыз: Селдің салдары: "Шымбұлақ" тау шаңғы курорты жабылды