Алматы: Күшейтілген карантин режимін бұзғандарға қандай шара қолдануда

Almaty.tv
Almaty.tv
Карантинге қатысты ережелерді бұзған азаматтарға арнайы әкімшілік шара қолданылатын болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда тұрғындардың денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатында 28 наурыздан бастап сыртқа шықпай, үйде отырып, вирустан сақтану қажеттігі міндеттелді, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі. 

Ал, карантинге қатысты ережелерді бұзған азаматтарға арнайы әкімшілік шара қолданылатын болады. Осы орайда,тұрғындар қалада болып жатқан өзгерістерді қалай қабылдауда? Жаңа өмір қағидалары мен тәртіпке бағынып жатыр ма? Заңды бұзғандар қандай жауапкершілікке тартылмақ?

Карантин уақытында қала тұрғындарына сыртқа шығуға қатаң тыйым салынғанымен, қажет болмаған жағдайда да сыртта жүрген көптеген қала тұрғындарын байқауға болады. Жұқпалы індеттің таралу қауіпі жоғары болып тұрған уақытта басын қауіпке тіккен бұл алматылықтардың сыртқа шығуына не түрткі болды екен? Тұрғындардың өздерінен сұрап білсек. 

Карантин тәртібін халыққа жеткізу мақсатында полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын 8 ауданда қатар жүргізіп жатыр. Дегенмен көшеде жүргендердің көбі азық-түлік пен дәрі алуға шықтық деп ақталды. Алайда барлығы тексеріледі. Ал, себепсіз жүргендер қатаң жазаға тартылатын болады. Тәртіп сақшылары елге ең алдымен осыны айтты.

БЛИЦ:

–  500 метр артық үйден шығуға болмайды. Президенттің жарлығы бойынша мынадай қоғамдық орындарда мүлдем жүруге рұқсат берілмеген. Біз қазір әрбір азаматқа ескертіп жатырмыз. Келесі жолы 476-бап бойынша сізге әкімшілік хаттама толтырамыз. Сіздерді ескертіп жатырмыз.

–  Жақсы, түсіндім!

– Қайдан келесіздер?

– Көкбазардан.

– Согласно статьи 476 административного кодекса Республики Казахстан свыше пятиста метров от дома отдалятся запрещаеться законом.

–  Хорошо, буду знать.

– Проживаю Гоголя-Панфилова. Вот он мой дом- магазин Алмаз.

– За продуктами, да?

–  Да.

Ал, карантин уақытында қалада жүруге рұқсат етілген - медицина мамандары мен жеткізу қызметінің жұмысшылары тек анықтама болған жағдайда ғана жүре алады.  

– Я работаю в санэпидемстанций.

– Предъявите вашу справку с место работы?

– Конечно, вот.

– Курьерская служба АвисЛогистик. Но, у нас как бы разрешено.

–  Да, я все понимаю, но можете предоставить справку с место работы?

–  Да, кончено.Без проблем.

Айтылған кейбір ескертулерге құлақ аспайтын, сырқаттанған тұрғындарға медициналық бетперде кию қажеттігі де ескертілді.

–  Мне ничего не надо объяснять девушка. Я уже не первый год живу и соображаю, что я делаю.

–  Вы болеете и без маски ходите.

–  Я болею? У меня хорошее настроение! У меня бронхит курильщика, девушка!

Бір ауданда жүргізілген тексеріс барысында 14 заңбұзушылық анықталды. Күшейтілген карантин кезінде ереже елемей, заң бұзғандар да болған.

Ал карантин жағдайында ережелерді бұзып, тәртіпке бағынбағандарды полиция қызметкерлері осылай ұстап, арнайы әкімшілік құқық-бұзушылық жауапкершілікке тартуда. Аға, бұл кісі қандай ережелерді бұзды?

–  Мен қоқыс тастауға шыққанмын.

–  Бұл кісі бапты бұзып отыр.

Тиісті талапқа бағынбаған азаматша ақталуға келгенде өзгеше сөйледі. Тіпті, тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіп, заңға қарсы шықты.

– Сізге айтты, телевизордан бәрін хабарлады. Енді, мына жерде қазір телеарнамен бірге жұмыс жасап жатырмыз.

–  Көшеде тұрған жоқпыз.

– 476-бапты білесіз бе?

–  Білмеймін, өзіңмен әкел десеңіз, әкелемін барып.

–  Жекекуәлігіңізді бересіз бе?

– Құжаттарыңыз қайда?

– Нені бұзып тұрмын мен? Үйде құжаттарым. Мына үйде тұрамын мен.  

– Онда жүріңіз, тексереміз құжаттарыңызды.

– 9 этажда, 91 пәтерде тұрмын.

Ал, заң бәріне ортақ. Ережені ескермей, себепсіз серуендеуге тағайындалатын жаза бар. Айыппұл мен ғана құтылып кетем деу әбестік. Тіпті, бірнеше тәулікке қамалауыңыз әбден мүмкін.

«Бірінші кезекте қауіпсіздік шараларын орындау барлығының міндеті. Бағынбаған сәтте, әкімшілік кодекстің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Кем дегенде 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейтін болады.  Содан соң әкімшілік қамауға 15 күнге қамалуы мүмкін. Егер полиция қызметкерлеріне физикалық түрде қарсылық көрсеткен жағдайда, онда қылмыстық кодекстің 379-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген»,– деді қалалық Полиция департаментінің өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.

Төтенше жағдай кезінде тәртіп сақшылары тұрғындарды тартіпке бағынып, сақтық шараларын жасау керек екенін тағы бір мәрте ескертті. Ал, ел ішіндегі індеттің үзілуіне үйде отырып ғана үлес қоса алатыныңызды естен шығармаған жөн.

Аяулым Көлжігіт, «Валерий Таубалдиев, «Алматы» арнасы


Новости партнеров