Қарағандыда жеңіл автокөлік қалааралық автобуспен соқтығысып қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қарағанды қаласында жеңіл автокөлік 30-дан астам жолаушысы бар қоғамдық автобуспен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін, 5 маусымда Қарағанды қаласының Октябрь ауданындағы 15-ші Магистрал жолында «Ауди 80» автокөлігінің жүргізушісі Попов көшесіне қарай бағыт алып бара жатып, алдын ала болжам бойынша жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Қарағанды-Теміртау» бағытындағы жолаушылар автобусымен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан «Ауди 80» автокөлігінің жүргізушісі және оның жолаушысы, сондай-ақ автобустың бір жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Жол көлік оқиғасы кезінде автобуста 31 жолаушы болған. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34