Блок-бекетте полиция қызметкеріне шабуыл жасаған жамбылдық тұрғынның ісі сотта қаралады

04.04.2020 03:02

Жамбыл облысындағы шектік шараларына қарамастан, талапқа қарсы шығып жатқандар баршылық

Almaty.tv

Жамбыл облысындағы шектік шараларына қарамастан, талапқа қарсы шығып жатқандар баршылық, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тұрғындардың блок-бекетке пысқырып та қарағысы жоқ. Тіпті посттағы полицейлерге шабуыл жасау деректері тіркелген. Тараз қаласына төтенше жағдайға байланысты қалаға көліктердің себепсіз кіріп шығуы шектелген болатын. Бірақ бекітілген тәртіпке бағынбайтындар да бар. Мәселен күні кеше шығыс бөліктегі Таразға кірер блок-бекетте ауданының тұрғыны полиция қызметкеріне шабуыл жасаған.

«Аталған автокөліктегі жолаушы ер адам заңға бағынбай, полиция қызметкерінің денесін жарақаттаған. 34 жастағы Тараз қаласының тұрғыны полиция қызметкерінің төтенше жағдай талаптарына сәйкес, тиісті құжаттарынсыз блок-бекетінен өткізбей, шектеу қойғанына қарсы шығып, оның бетінен жұдырықпен ұрған», – деді Байзақ аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Жеңісбек МАМЫТОВ.

Күдікті Тараз қалалық уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ұсталған ер адамның бұрын бірнеше рет сотты болғаны анықталды. Қазір ол азамат кінәсін толықтай мойындап, өткен іске өкінетінін жеткізді.

«Өз кінәмді толықтай түсініп отырмын. Мойындаймын. Эмоцияға беріліп кеттім. Барлық азаматтардан кешірім сұраймын. Менікі таза эмоция болды. Сол үшін кешірім сұраймын», – деді күдікті.

Ұсталған азамат қанша кешірім сұрағанымен, енді оның ісі сотта қаралады. Ол төтенше жағдай жарияланған жерде билік өкілінің заңды талабына бағынбау және билік өкіліне қарсы күш қолдану баптары бойынша жазаға тартылмақ.

Мерей Бает Мейіржан Ерболатов, «Алматы арнасы», Тараздан