|
18.11.2023 | 22:08
2445

Астанада тұрғын үйлер қалпына келтіріліп жатыр

22 қарашада Батыста, Солтүстік батыста, ал 22-23 қарашада Оңтүстік шығыста жауын жауады

Астанада тұрғын үйлер қалпына келтіріліп жатыр Фото: astanovka98 / Telegram

Астанада қатты желден зардап шеккен үйлердің қасбеттері қалпына келтіріліп жатыр. Демалыста 2 сағатқа созылған дауылдан бірнеше үйдің шатыры да ұшып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Дегенмен қаңылтырлар көліктердің терезесін зақымдаған.

– Жел соққан кезде мен үйде болмадым. Көршілердің чатта жазғаныноқыдым. Ауыр кірпіштер ұшып жатса, ары қарай не болады? Шынында білмеймін, – деді қала тұрғыны Нұрасыл Серіков.

Мұндай дауылды жел Астанада ғана емес, Қарағанды қаласында да болған. Қатты желдің салдарынан ағаштар көлік үстіне құлаған. Үйлердің шатыры ұшқан. Аялдамалар қираған. Ал, «Қазгидромет» мамандары мұндай желдің жылдамдығы қалыпты екенін айтты.

– Таяудағы 3 тәулікте Қазақстанның басым бөлігі белсенді циклонның аймағына енді. 22 қарашада Батыста, Солтүстік батыста, ал 22-23 қарашада Оңтүстік шығыста жауын жауады. Республика бойынша 15-28 метр секунд жылдамдыққа дейін жел күшейеді. Солтүстікте қарлы боран соғып, тайғақ болуы мүмкін, – деді  «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Алуа Саханова.

Оқи отырыңыз: СҚО-да 150-ден аса елдімекен жарықсыз отыр


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир