Тараз маңындағы жойқын жарылыс: 32 адам ауруханаға жеткізілді

27.08.2021 03:22

Оқиға болған жерге 16 жедел медициналық жәрдем бригадасы жіберілді

Almaty.tv

Тараз маңындағы жарылыстан 32 адам зардап шегіп, Тараз қалалық №1 ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды Almaty.tv Қорғаныс мининстрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оқиға болған жерге  16 жедел медициналық жәрдем бригадасы жіберілді, алдын ала деректер бойынша сағат 21.00-дегі жағдай бойынша медициналық мекемелерге жеткізілген 7 адам зардап шекті. Құрылған жедел штабтың басшысы - облыс әкімі Б. Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарын эвакуациялау жүргізілді", - делінген хабарламада.

Облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібектің айтуынша, жақын маңдағы үш ауылдың тұрғындары эвакуацияланып жатыр. 

Қорғаныс министрлігінің Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімінде бүгін, 26 тамызда сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шығып, жойқын жарылыс болғанын еске салайық.