Жамбылдағы жойқын жарылыс: жолаушылар мен жүк пойыздары тоқтатылды

27.08.2021 03:35

Қазіргі уақытта Петропавл-Қызылорда және №78 Мағыстау-Алматы-2 бағытындағы №75 жолаушылар пойызы, сондай-ақ 14 жүк пойызы тоқтатылды

varandej.livejournal.com

Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрлері, Ішкі істер министрінің орынбасары Жамбыл облысына ұшып кетті. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарын көшіру туралы шешім қабылданды. 30-ға жуық облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен әскери қызметшілер жарақат алды», – деп хабарлады Мемлекет басшысы.

Өрт салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. ТЖМ, ІІМ бөлімшелері жұмылдырылды. 

Айта кетейік, «Қазақстан темір жолы» компаниясы жолаушылар мен жүк пойыздары тоқтатылғаны туралы мәлімдеді.

«Жамбыл жүк бөлімінің Тараз-Луговое учаскесінің жұп және тақ жолдары теміржол желісінен 250-300 метр қашықта орналасқан әскери бөлімнің аумағында жарылыс болуына байланысты барлық пойыз қозғалысы үшін жабық.

Өрт шыққан жерден 8-10 шақырым жерде орналасқан Үшбұлақ станциясына Тараздан өрт сөндіру пойызы келді. Сондай-ақ, Шу станциясынан өрт сөндіру пойызы жіберілді. 

Жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды. Қазіргі уақытта Петропавл-Қызылорда және №78 Мағыстау-Алматы-2 бағытындағы №75 жолаушылар пойызы, сондай-ақ 14 жүк пойызы тоқтатылды»,  – делінген компания хабарламасында.

Мұның алдында Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі әскери қоймадан өрт шыққанын растаған еді

«Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт салдарынан белгіленбеген заттар жарылды. Өртті сөндіруге бөлімнің өрт сөндіру командалары, шынжыр табанды өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысы бойынша ТЖД өрт сөндірушілері көмек көрсетіп жатыр»,  –  деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Өрттен зардап шеккен 32 адам Тараз қалалық №1 ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиға болған жерге жақын ауылдар эвакуацияланып жатыр.