Қазақ десантшыларының блок-бекеттегі қызметі қандай?
Алматыдағы блок-бекеттерде қауіпсіздік күшейту үшін карантиннің бірінші күнінен бастап еліміздің десанттық-шабуылдаушы әскері де жұмылдырылған. Олардың қатарында, Ливан елінде бітімгершілік миссиясымен болып қайтқандар да бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қазақ десантшыларының блок-бекеттегі қызметі қандай?
Мен дәл қазір Алтын орда блок-бекетінде тұрмын. Алматыдағы осындай блок-бекеттердің барлығында қорғанысты күшейту үшін еліміздің ең мықты десантшылары жұмылдырылған. Менің оң жағымда көп адамға кіруге рұқат етілмейтін базаға келдім. Бұл базада десантшылар демалады. Бұл базада десантшылар демалады, киімдерін ауыстырады, сондай-ақ, медициналық құрал-жабдықтар да осында. Ендеше базаның ішіне кіріп көрейік.
Бұл базамен таныстыру үшін тәжірибелі десантшыға жолығуды жөн көрдік.
ҚР Қарулы күштері десанттық-шабуылдаушы бригадасының әскери қызметшісі Елдос Әбдіғалиұлы сұқбат беруге уақыт тапқаныңыз үшін алғыс білдіреміз.
– Мына техникалар туралы айтып берсеңіз.
– Бірінші тұрған Land Rover көлігі ол осы блок-бекеттің командирлерін алып жүру үшін арналған. Екінші тұрған екі Hammer автокөліктері бронды автотехника, олар жеке құрамды тасымалдау үшін арналған. Және медициналық Hammer жеке құрамға медициналық қызмет көрсетуге арналған болып табылады.
– Жақсы. Мен мұнда рет-ретімен тұрған шатырлар көріп тұрмын. Сол жаққа қарай барайық. Таң атқанда қанша ұйқыдан тұрасыздар?
– Бізде жеке құрамның бекетке шығатын жеке құрамның әрқайсысының өзінің тұратын уақыттары бар. Жеке құрам шықпастан жарты сағат бұрын ерте тұрып, жуынып, асын ішіп, бекетке дайындалады.
– Демек, сіздер тәулік бойы 4 сағат сайын кезекшілікпен ауысып тұрасыздар. Ендеше жатырға кірейік. Мына жерде төсек орындары бар екен.
– Бұл жеке құрамның демалуына арналған орын. Өздеріңіз көріп тұрғандай мұнда 20 адамға арналған орын бар. Жеке құрам бекеттен шыққан кезде өздерінің демалыс уақытын осы жерде өткізеді. Қалған кезекшіліктегілер бос уақытында мына келесі шатырда өздерінің бос уақыттарын өткізеді.
– Әңгіме барысында бір сұрақ қояйын, сіздер бітімгершілік миссиясымен Ливанда болып келдіңіздер. Ондағы жинаған тәжірибелеріңіз қаншалықты өз көмегін беріп жатыр?
– Ливан мемлекетінде болып келдік. Ол жақта басқа мемлекеттермен алмасып алған тәжірибелеріміз, ол жақта өткен жаттығулар, өзіміздің басшылықтың берген нұсқаулықтарын қазір өзіміздің елде қолданып жатырмыз. Жеке құрам да қолданады.
– Ендеше көп күттірмей екінші шатырға да бас сұғайық.
Өздеріңіз көргендей бұл шатырда сол жағымызда жеке құрамның ас ішіп, тамақтанатын орны. Ал, оң жағымызда жеке құрамның демалыс уақытында көретін теледидары, елімізде болып жатқан хабарлар мен жаңалықтар көретін орын. Мына жақта кітаптар. Қазағымыздың қара домбырасы да бар. Жеке құрамның арасында қара домбыраны ойнайтын жігіттер де бар. Бос уақыттарында домбыра шертіп, әндер айтып, бір-бірінің көңілдерін аулап отырады.
– Негізгі әңгімемізді блок-бекетке барып сол жақта жалғастырайық. Елдос, сіз сөзіңізде осы Алтын орда блок-бекетінде 26 десантшы бар дедіңіз. Ал, жалпы Алматы бойынша қанша десантшы қызмет атқарып жатыр?
– Алматы қаласы бойынша 3000-ға жуық десантшы қызмет атқаруда. Олар әр бекетте өз қызметін көрсетіп жатыр. Олардың арасында Ливан мемлекетінде бітімгершілік операциясына қатысып келген жеке құрамдар да бар. Олар өздерінің алған тәжірибесін осындай бекеттерде шыңдайды және көрсетеді.
– Блок-бекеттердегі негізгі қызметтеріңіз қандай?
– Біздің негізгі қызметіміз – ІІМ қызметіне көмек көрсету және оларға керек жағдайда жолды жабу, халықтың үрейі туған жағдайда оларды басуға көмек көрсету.
– Рақмет сізге көп-көп. Елдос Әбдіғаниұлы сіздердің жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз, осындай қиын-қыстау кезде шаршамаңыздар.
Арнат Дүйсен, Мұрат Тайжанов, «Алматы» арнасы