|
21.03.2020 | 22:35
1991

Алматы дүкендерінде 12 мың тонна қажетті азық-түлік қоры бар

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлімдеді

Алматы дүкендерінде 12 мың тонна қажетті азық-түлік қоры бар egemen.kz

Алматы дүкендерінде 12 мың тонна қажетті азық-түлік қоры бар. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлімдеді, деп хабарлады Almaty.tv  тілшісі.

Оның сөзінше, әкімдік күн сайын әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасына қатаң бақылау жасап отыр. Өз кезегінде, әкімдік өкілі барлық базарлар мен дүкендер бойынша тәулігіне 2 рет жедел ақпарат алынып жатқанымен, азық-түлік бағасының сәл де болса көтерілгенін жасырмады. Оның себебін, сарапшылар теңгенің құнсыздануымен байланыстырып отыр. Десек, те азық-түлік тапшылығы болмайды. Жасыл дәліз арқылы кез-келген тауар тасымалдаушы қалаға еркін өте алады. Тек, арнайы құжаты болуы тиіс.  

«Жүргізушінің және қасында отырған экспедитордың құжаттары толық болып, сол жердегі дәрігерлердің типловизор мониторингінде ешқандай күмән болса, оларды ешқандай кедергісіз өткізіп жатыр. Бұл бойынша да түсініспеушіліктің алдын алу үшін арнайы штаб құрып, 2 күннен бері тәулік бойы жұмыс істеуде. Түскен қоңыраудың бәріне жауап беріп, дер кезінде қолдау көрсетіліп жатыр», – деді қала әкімінің орынбасары Сапарбек ТҰЯҚБАЕВ.      

Ал, Алматы маңындағы Алтын орда базары қала және облыс тұрғындары үшін штаттық режимде жұмыс істей береді. Бірақ оған кіріп шығу үшін  арнайы рұқсат етілген сары немесе қызыл қағаз қажет. Базарда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің барлық түрі бар. Күндіз-түні халыққа қызмет көрсетіліп, санитарлық талаптар да қатаң бақылауда. Алтын орда әкімшілігі індетке байланысты ел азық-түлікті жаппай сатып алып жатса да жетіспеушілік жоқ дейді.

«Жылдағыдай тауардың сапасы да басқа жағы да төмендемеген. Жылдағыдай тауар жергілікті, сырттан түсіп жатыр. Тоқтатылған жоқ. Базар күнделікті тәулік бойы істейді. Себебін өздеріңіз білесіздер Алтын Орда базары бүкіл Алматы мен Алматы облысын азық-түлікпен қамтиды», – деді «Алтын Орда» базары директорының көмекшісі Нұрлан СЫДЫҚОВ.

Шаһардағы шағын дүкендердегі баға саясаты бір қалыпты. Күнделікті тұтынатын тауарлар бұрынғы бағамен сатылып жатыр. Дүкен сатушыларының айтуынша, тауар жеткізушілер бағаны көтерген жоқ, сондықтан бізде қымбаттатпаймыз дейді. Сөреде қант, күріш пен ұн тағы басқа да өнімдер толып тұр.      

«Баға көтермедік. Сол бұрынғы бағалармен фирмалардан да келіп жатыр. Күріш, нан бар», – деді Сатушы Айжан ҚАСЫМОВА

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау тоқтамайтынын  жеткізген еді. Атап айтқанда, кәсіп иелерінің айналым капиталы үшін 8% 1 жыл мерзімге 600 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие беруді Ұлттық банкке тапсырса, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру көлемі артып, отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінетіндігін хабарлаған.  

Өздеріңіз білетіндей, осы уақытқа дейін Алматының әр ауданында демалыс күндері арзан бағадағы азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылып келген. Енді шаһарда карантин жарияланғандықтан адам аяғы арылмайтын  базардың сөрелері бос тұр. Жәрмеңкелер уақытша жұмысын тоқтатты. Мұның барлығы тұрғындардың қауіпсіздігі мен індеттің таралып кетпеуі үшін ұйымдастырылып жатқан шаралар.

Арнат Дүйсен,  «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир