Басып озбақ болған: Ақтөбеде жол апатынан жүргізуші қайтыс болды
Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтөбеде жол-көлік апаты болып, жүргізуші жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі «Хюндай Соларис» көлігін басып озбақ болып, қарсы бағытқа шығып кетеді. Соның салдарынан «Тойота Камри» автокөлігі бағытын өзгертіп, қарсы бағытқа шығып, «Ваз- 21099» автокөлігімен соқтығысты.
«Жол көлік оқиғасы салдарынан «Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі алған жарақаты салдарынан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Ал «Ваз-21099» көлігінің жүргізушісі облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілген соң үйіне кеткен. Осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», -дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
27.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31