|
04.08.2020 | 22:50
1136

Алматы полициясы: Із-түзсіз жоғалған 5 жасар қыз аман-есен табылды

Полицияға Жұлдыз ықшамауданында кешкі сағат бестер шамасында кішкентай қыз жоғалып кетті деген хабарлама келді

Алматы полициясы: Із-түзсіз жоғалған 5 жасар қыз аман-есен табылды polisia.kz

Алматыда ойнап жүріп, жоғалып кеткен бес жасар қыз аман-есен табылды,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға Жұлдыз ықшамауданында кешкі сағат бестер шамасында кішкентай қыз жоғалып кетті деген хабарлама келді.

«Баланың анасының айтуынша, Аймира басқа балалармен бірге аулада ойнап жүрген. Бір кезде қыз жоғалып кетті, ол самокатта болған. Ата-аналар баланы жарты сағаттай өз бетінше іздеуге тырысты. Олар көрші аулаларды аралап өтіп, жолаушылардан сұраған. Бірақ, өкінішке қарай, еш нәтиже болмады. 

ЖБО-на қоңырау сағат 16: 52-де келіп түсті. Олар баланы жедел іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Қылмыстық, ювеналды полицияның жеке құрамы, сондай-ақ, учаскелік инспекторлар тартылды. Шағын ауданға жақын жерде темір жолдар мен бөренелер бар жерлерді мұқият қарау маңызды болды. 

Жеке секторда іздестіру топтары бірнеше бөлікке бөлінді. Бақытымызға орай, бала сол жерден табылды. УПП-93 учаскелік инспекторлары сезімталдық, ұқыптылық пен кәсібилікті көрсетті. Олар сәбиді бір сағаттың ішінде тауып алды», – деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев. Аймираны полиция анасына тапсырды. Қыздың көпбалалы және жағдайы жақсы отбасынан екендігі белгілі болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир