Ақмолада 33 жастағы жұмысшы топырақ астында қалып, мерт болды

inform.kz
inform.kz
Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазақалтын» кенішінде 33 жастағы жұмысшы топырақ астында қалып, мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, оқыс оқиға «Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты» АҚ Бестөбедегі кенішіндегі жаңа шахтада болған. 

Қазанның 17-де өндірістік жұмыстар кезінде топырақ опырылып кетті. Салдарынан кәсіпорынның 1987 жылғы жұмысшысы топырақтың астында қалып қойған.

«Оқиға сағат 12:30 орын алды. Сол кезде «Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты» АҚ құтқару отряды ер адамды топырақ үйіндісінің астынан алып шықты. Алайда, ол Степногор қалалық ауруханасында көз жұмды», – дейді Степногор қалалық ТЖ басқармасының бастығы Еркебұлан Есенжолов. 

Қазіргі кезде кеніш штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.

Новости партнеров