Талғарда қызметтік міндетін атқару кезінде хирургты соққыға жығып, балағаттаған

Талғарда қызметтік міндетін атқару кезінде хирургты соққыға жығып, балағаттаған
Алғыс күнінде дәрігерлерге алғыс емес, дөрекілік көрсетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алғыс күнінде дәрігерлерге алғыс емес, дөрекілік көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы облысы Талғар аудандық ауруханасының хирургы бүгін аяқасты тепкінің астында қалды. Жәбірленушінің сөзінше, соқырішек диагнозы қойылған пациентті протокол бойынша қараған. Ең соңынан гинеколог маман тексеруі керек еді. Содан кейін ота жасау бөлмесіне баруы тиіс болған. Алайда науқастың баласы шыдамсыздық танытып, хирургтың кабинетінде айқайға салған.

«Айтпаған сөзі жоқ. «Гинекологтарың қайда жүр?» деп, боқтап. Былайша айтқанда мал, деген сияқты, одан да жаман ұятсыз сөздер орысша қазақша айтты. Гинеколог қарап, тексергеннен кейін егер сол кісі жоққа шығарса, біздің диагноз толық нақтыланады. Соққы жіберіп қалды да маған. Өзім байқамай қалдым соққының қалай келгенін. Құлап қалдым. Аз уақыт есімді жоғалтып алдым», – деді жәбірленуші хирург.

Біраз уақыт есінен танған дәрігер аяққа тұрады. Бірақ көп ұзамай басы айналып өзін жайсыз сезінеді. Анықталғаны жәбірленуші хирургтың бас миы шайқалған. Қазір оның жағдайы орташа ауыр. Сол ауруханада ем қабылдап жатыр. Ал ақ халаттыға қол көтерген күдіктінің үстіне арыз жазылған.

Новости партнеров