Паттайяға Денсаулық сақтау саласындағы волонтерлерді тасымалдаған екі қабатты автобус Таиландтық Нахонратчасима солтүстік-шығыс провинциясында тіркемесі бар жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Thai Rath газетінің жазуынша, апат салдарынан сегіз адам қаза тауып, 40 адам түрлі жарақат алған. Автобуста Чонбури провинциясына Паттайяға танысу сапарына жіберілген 47 ерікті болған. Барлық зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жатқызылды. Апаттан аман қалғандардың бірі тәртіп сақшыларына автобустың тез жүргенін, жолаушылардың ұйықтай алмағанын айтты. Олар тіпті жүргізуші рульде қалғып кете бергендіктен тоқтап, демалып алуын өтінген. Жүргізуші мұның мүмкін еместігін айтқан. Өйткені ол Паттайяға бірге барған басқа екі автобустың жүргізушілерімен кездесуге келіскен көрінеді. Жүк көлігі бағдаршамның рұқсат етілген сигналына өтіп бара жатқанда, автобус оның бүйіріне соғып, екі көлік те аударылып кеткен.