Жамбыл облысындағы әскери бөлімде 6 жарылыс орын алды
Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін әскери бөлімге жақын үйлердің адамдары қауіпсіз жерге көшірілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жамбыл облысындағы әскери бөлімде 6 жарылыс болды. Ресми ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігі таратты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Бүгін Жамбыл облысындағы әкери бөлім қоймаларының бірінде сағат шамамен 19:00-де өрт шықты. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Әскери бөлімнің өрт сөндіру командасы мен өртті сөндіруге арналған шынжырлы арнаулы техникасы, сонымен қатар, Жамбыл облыстық ТЖД өрт сөндіру топтары жұмылдырылған. Қоймада негізінен инженерлік оқ-дәрі сақталған және олар алыс қашықтыққа ұшпайды. Жалпы 6 жарылыс орын алды», – деп хабарлады министрліктен.
Ведомство мәліметінше, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін әскери бөлімге жақын үйлердің адамдары қауіпсіз жерге көшірілген.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
14.10.2026 20:40
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
14.10.2026 08:14
Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады
13.10.2026 09:32
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
13.10.2026 13:10
Елде 4 мың шақырымнан астам автожол жөнделіп жатыр
13.10.2026 09:16